ІІМ «Гарант 24 Ломбард» пен «Еѕтате Ломбард» ісі бойынша күдіктілерден не тәркіленгенін айтты

651

0

ІІМ өкілдері «Гарант 24 Ломбард», «Выгодный заем» және «Еѕтате Ломбард» ісі бойынша күдіктілерден не тәркіленгенін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділовтің айтуынша, «Гарант 24 Ломбард» ЖШС, «ЕЅТАТЕ Ломбард» және «Выгодный заем» бойынша полицияға 17 мыңнан асаадам өтініш білдірді. Шығын 22 миллиард теңгеге бағаланды.

Ұйым басшыларына қатысты 32 қылмыстық іс тіркеліп, 51 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр дейді министрліктегілер..

«Күдіктілерден 70 миллион теңгеден аса ақша тәркіленді, олар қылмыстық әрекетті жүзеге асыру кезеңінде сатып алынған әртүрлі мүлік тәркіленді. Олардың ішінде – 15 автомобиль, екі жүк самосвалы, екі автокран, 29 пәтер, алты үй, үш жер учаскесі, бес тұрақ орны, бір кешен (кафе-бильярд бөлмесі) бар. Күдіктілердің тәркіленген мүліктің жалпы құны екі миллиард теңгеден асады», – деді Әділов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<