Инфрақұрылым игілігі

175

0

Фото: Қала әкімдігі

Биыл Ақсуат ауылдық округінде инфрақұрылымды дамыту бағытында бірқатар кешенді жұмыстар жүргізіледі. Тұрғындардың сұранысына сәйкес, жаңадан қоныстанған аумақтағы 32 көшеге электр желілері тартылады.

Округтегі 6 көшеге жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда аталған бағыттағы жұмыстарды «Орда Автодор» және «Қыран» мердігер мекемелері бастады.

Сонымен қатар, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында «Энергиянұр» мекемесімен 2 көшеге түнгі жарық бағаналары орнатылуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<