Инновациялық даму және дәстүрлі қолөнерді жаңғырту

1817

0

Фото: Қызылода білім басқармасы

Қызылорда қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымене №267 орта мектепте «Инновациялық даму және дәстүрлі қолөнерді жаңғырту» тақырыбындағы көркем еңбек пәні секциясы бойынша қалалық семинар өтті.

Семинардың мақсаты шығармашыл ұстаздардың нәтижелі педагогикалық әдістемелерін тарату. Іс-тәжірибе алмасу арқылы кәсіби шеберлігін шыңдау.

Семинар жұмысы №261 орта мектеп мұғалімі Г.Мукеева мен №267 орта мектеп мұғалімі С.Стамшаева, №179 орта мектеп мұғалімі Ештай Айжанның ұйымдастыруымен «Шексіз әлеммен сырласқан» атты көрмесін таныстырудан бастау алды.

Семинарға қалалық білім бөлімінің әдіскері Убаев Ғазиз және «Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығының аға оқытушылары Орманов Оразбай, мектеп директоры Рахымшаева Сабила қатысты.

№264 мектеп-лицейінің көркем еңбек пәні мұғалімі Н.Алибаева мен №211 орта мектеп мұғалімі Д. Танатарованың жетекшілігімен «Этностильді топтамалар» сән үлгісі заманауи қазақша стильдегі дефиле ұйымдастырылды.

«Үздіктен үйрену жобасы саралау тәсілін тиімді қолдану» тәжірибе алаңы бойынша «Үздіксіз ізденіс жаңашылдыққа жетелейді» тақырыбында №9 мектеп-гимназиясының көркем еңбек пәнінің мұғалімі Шайхисламова Сәуле «Тәжірибе, ізденіс, нәтиже-педагогтың кәсіби өсуінің көрсеткіші» тақырыбында №197 орта мектептің көркем еңбек пәні мұғалімі Жұмабекова Ұлбосын өз тәжірибелерімен бөлісті.

«Шығармашыл ұстаз шеберханасы» кезеңі бойынша қала мектептерінің үздік көркем еңбек пәнінің мұғалімдері шебер сыныптар сабақтарын жоғары деңгейде өтті.

«Инновациялық даму және дәстүрлі қолөнерді жаңғырту» тақырыбындағы көркем еңбек пәні секциясы бойынша қалалық семинарда үздік сабақ көрсеткен және өз тәжірибесімен бөліскен ұстаздар марапатталды.

Бәсекеге қабілетті, ұлттық рухы мықты, заман талабына сай ұрпақ қалыптастыру және бабадан мирас болған ұлттық құндылығымызды қорғай отырып,ұрпақ бойына сіңіру-біздің басты міндетіміз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<