Ішкі саясат басқармасы Наурыз тойын тойлады

837

0

Облыстық ішкі саясат басқармасы және басқармаға қарасты орталықтар бірігіп, Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамын атап өтті.

Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – өскелең ұрпаққа кешегі өткен халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеп, ұлттық қасиеттерімізді бойына сіңіріп, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты жалғастыру болып табылады.

Шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақмарал Әлназарова мен облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай қатысып, Сыр халқын Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтап, тұрғындарға жылы лебіздерін білдірді. Мерекелік шара барысында қазақтың ұлттық құндылықтары өз жалғасын тауып, бүлдіршіндердің тұсау кесу рәсімі көрсетілді. Ұлттық спорт ойындары асық ату, арқан тарту, гір көтеру секілді жарыс ұйымдастырылды. Жеңімпаздар марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды. Айта кету керек, Наурыз мейрамы 9 күн бойы аталып өтіледі. Әрбір күн бір атаулы іс-шараға арналады. Мәселен, 15 наурыз – «Наурыз мейрамы», 16 наурыз – «Наурыз мейірімі» күні болып бекітіліп, 18 наурыз «Наурыз қоржыны» акциясы, «Наурыз шапағаты», «Балаларға базарлық», «Ертегілер елінде» секілді жеткіншектерге арналған салтанатты шаралар, танымдық сабақтар мен кездесулер ұйымдастырылды.Ал, 20 наурыз қолөнер туындыларын әзірлейтін шеберлер күніне арналады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<