«Jastar alany 2019» республикалық дебат турнирі аяқталды

492

0

Нұр-Сұлтанда «Jastar Alany 2019» республикалық дебат турнирі аяқталды. Турнирге 18-29 жас аралығындағы 120-дан астам қара сөз шеберлері қатысты.

Айта кету керек, аталған жобаны Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен» КЕАҚ бірлесіп іске асырды. Жобаның негізгі мақсаты жастар жылы аясында Қазақстандағы дебат қозғалысын жандандыру және дебат федерациясын құру.

Дәулет Кәрібек, «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы:

– Жоба аясында дебатшыларға арналған сайт жасалынады. Ол сайт арқылы әр дебатшының өз рейтингі болады. Олардың облыстық, республикалық деңгейде жеткен жетістіктері жазылып тұрады. Сонымен қатар, әрбір өткен ойындардың, оның ішінде облыстық ойындардың да, төрешілердің де рейтингтері жасалынатын болады.

«Jastar alany 2019» республикалық дебат турнирінің қорытындысы бойынша қазақ лигасының Американдық парламенттік формат жеңімпаздары: Тастанбаек Ердәулет, Ибадулла Әсел; Жолдасбек Лаура, Боранбай Абылай; Тұрсынов Бақытжан, Молдақашев Қуаныш.

 Орыс лигасының Американдық парламенттік формат жеңімпаздары: Әлихан Қазенов пен Қанат Ноғойбаев;Малика Мамирова мен Талғат Омаров; Әлішер Жүзгенбаев пен Мұхтар Ташкенбаев.

«Линкольн – Дуглас» форматының жеңімпазы Әлішер Жүзгенбаев және Шыңғыс Айдынов болды.  

Ал, кеш көрігін қыздырған «Stars Game» ойыны болды. Бұл ойынға танымал блогерлер мен вайнерлер Ақсултан Қалиев, Ғани Әжікенов, Эдьдана Сатыбалдиева қатысты.

Сонымен қатар, жоба аясында турнир қатысушылары мен төрешілері үшін семинар, оқыту тренингі өткізілді. Оның қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға пікірталас бойынша тренинг өткізу үшін жаттықтырушылар мен төрешілердің сертификаттары берілді. Қазан айында дебатерлерге арналған сайтпен мобильді қосымшаның тұсаукесері өтеді. Тайм-киперлерді алмастыруға арналған мобильді қосымшаның қазіргі таңда Қазақстанда баламасы жоқ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<