Кадрлық өзгерістер болуы мүмкін – Ақмарал Әлназарова

235

0

Фото: ҚР Үкіметі

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ведомстводағы кадрлық өзгерістер мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Қазақпарат.

«Қазіргі құрамдағы Денсаулық сақтау министрлігінің әлеуеті бар деп есептеймін. Сондықтан біз саладағы жұмыстарға кірісіп кеттік. Қажет болса, (өзгерістер) болады деп ойлаймын», – деді Ақмарал Әлназарова Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Айта кетейік, бүгін Сенаттың жалпы отырысында Ақмарал Әлназарованың депутаттық өкілеттігі тоқтатылды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Мемлекет басшысының Жарлығымен Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<