Кәсіпкер жүк вагондарын ала алмай жүрген

257

0

Фото: ашық дереккөз


«Шиелі тас-Оңтүстік» ЖШС Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке «Қазтеміртранс» АҚ (ҚТЖ еншілес ұйымы) іс-әрекеттеріне шағымданып, себебін түсіндірместен жүк вагондарын беруден бас тартатынын білдірді.


Бұл жағдай, шарттық міндеттемелер бойынша қиыршық тасты жөнелтудің тоқтап қалуына алып келді және тиісінше бизнес субъектісіне залал келтіруі мүмкін.


Департамент жұмыс тәртібімен «Қазтеміртранс» АҚ-мен өтініште баяндалған мән-жайлар бойынша келіссөздер жүргізді. Талқылаудан кейін бас тартуға ешқандай негіз жоқ екені белгілі болды.


Нәтижесінде кәсіпкердің өтінімі қанағаттандырылды, сұралған 7 вагон толық көлемде ұсынылды.
«Қазіргі таңда, сұранысқа сәйкес қажетті жүк вагондарын толық алуға мүмкіндік алдым және жұмысымызда әкімшілік кедергілердің жойылғанын айта аламын, Департаментке алғысымды білдіремін» – деді ЖШС директоры Е.Хасанаев.


Айта кету керек, Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті «Бизнеске жол» жобасын жүзеге асыруда.


Жобаның мақсаты – кәсіпкерлерге әртүрлі әкімшілік кедергілерді, құжаттарды ресімдеу кезінде әуре-сарсаңдарды еңсеруге көмектесу, мемлекеттік қызметшілер қабылдайтын шешімдердің мерзімдері мен ашықтығын сақтауды қамтамасыз ету.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<