Кәсіпкерлік нысандарды аралады

463

0

Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев пен аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап Әйтеке би кентіндегі «Мега планета» сауда орталығына арнайы барып, жаңадан ашылған кәсіпкерлік нысанның жұмысын көрді.

Кәсіпкерлік нысанның иесі «Марлен» сауда үйінің екінші қабатында орналасқан дүкенде барлық отбасыға арналған киімдер сатылатынын жеткізді.

Аудан басшысы Мұхтар Әуесұлы жаңа кәсіпкерлік нысанның жұмысына сәттілік тілеп, тұрғындарға қалтқысыз қызмет көрсете берулеріне тілектестігін білдірді.

«Мега планета» сауда орталығының ашылуына орай жеке кәсіпкердің демеушілігімен 11 тұрмысы төмен отбасыларға 15 мың теңгенің сертификаты тапсырылды. Сертификат иелері дүкеннен осы қаржыға киімдерді тегін ала алады.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Әйтеке би кентінен жаңадан жұмысын бастаған әлеуметтік дүкенге де барды.

Әйтеке би кентіндегі әлеуметтік дүкенді жеке кәсіпкер Қуандық Еңсепбаев «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-нан 20 млн теңге займ алып, ашып отыр.

Бұл дүкенде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 12 түрі бар.

Атап айтар болсақ, ұн, картоп, пияз, қырыққабат, сәбіз, қарақұмық жармасы, макарон, тұз, сары май, нан, сүт жане тағы да басқа өнімдер сатылады.

Өнімдер нарықтан 10-15 пайыз төмен бағада босатылуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<