Кешенді іс-шаралардың елге игілігі

1320

0

Облыс әкімінің Шиеліге жұмыс сапарында «Талаптан» ауылдық округіндегі дәрігерлік амбулаторияның ашылу рәсімі болды.

Ауыл тұрғындарын Жаңа жыл және жаңа нысанның ашылуымен құттықтаған аймақ басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында денсаулық сақтау саласының маңызын атап өтті.

– Халық денсаулығын жақсартып, өмір сүру сапасын арттыру – мемлекеттің негізгі міндеті. Елімізде медицина мамандарының мәртебесі мен беделі жоғары болуы үшін барлық жағдай жасалуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы денсаулық сақтау саласына әрдайым айрықша көңіл бөліп келеді.

Саладағы игі істер алдағы уақытта да өңір халқының игілігіне айнала берсін. Жаңа ғимарат баршаңызға құтты болсын! – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Іс-шарада мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Бақтиярұлы жерлестерін құттықтап, тілегін білдірді. Еңбек ардагері Сейітмағанбет Жұманазарұлы ақ батасын берді. Сондай-ақ мердігер мекеме өкілдері мен ауыл азаматтары марапатқа ие болды.

Айта кетейік, «Бақ-Береке» ЖШС салған амбулатория бір қабатты, жеке бу  қазандығы арқылы дизель отынымен жылытылады. Жаңа нысан алғашқы медициналық көмек көрсететін мекемеге қажетті барлық жабдықтармен жарақталған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<