Комиссия отырысы өтті

621

0

Сырдария ауданы әкімінің міндетін атқарушы Б.Сәрменбаевтың төрағалық етуімен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2023 жылғы І-тоқсандағы кезекті отырысы өткізілді.

Аталған кездесуге аудан прокурорының орынбасары Ғ.Дүйсенбаев, аудандық полиция бөлімінің бастығы Ғ.Тұрсекеев, аудан әкімінің орынбасарлары, кент және ауылдық округтердің әкімдері қатысты.Комиссия отырысында 2 мәселе қаралды.

Бірінші кезекте «2022 жылы және 2023 жылдың өткен мерзімінде кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалған қылмыстарға, оның ішінде жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы жасалған қылмыстарға және оларды алдын-алуда уәкілетті және полиция органдарымен атқарылған профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін талқылау туралы» Сырдария аудандық полиция бөлімінің бастығы Тұрсекеев Ғани Асанұлы мен Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Жәнібеков Берік Съездұлы хабарлама жасады.

2022 жылы және 2023 жылдың өткен мерзімінде ауданда кәмелетке толмағандардың қатысуымен жоғарыда аталған жайттардың фактілері тіркелген жоқ. Мектептерде ерікті жасақшылар тобы 2022 жылы аудандық полиция бөлімімен бірлесе отырып, «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шараларында 100-ден астам қоғамдық рейд ұйымдастырды. Дегенмен де, ата-ана тарапынан қадағалаудың аздығынан беймезгіл уақытта ата-аналары немесе заңды өкілдерінсіз оқушылардың жүруі толастамай тұр. 2022 жылдың қорытындысымен 24 бала тіркелді (№36 мектеп-лицей-7, №130 мектеп-1, №44 мектеп-6, №37 мектеп-лицей-5, №131 мектеп-5).

Жыл сайын кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзұшылық, суицидтің, зорлық-зомбылықтың алдын-алу мақсатында бекітілген ведомствоаралық жоспары аясында жұмыстар жүргізілуде.

Комиссия отырысы барысында аудан әкімінің міндетін атқарушы Б.Сәрменбаев пен аудан прокурорының орынбасары Ғ.Дүйсенбаев көтерілген мәселеге қатысты сұрақтар қойып, қоғамдағы болып жатқан жағдайларға қатысты өз ұсыныстарын жеткізді. Бүгінгі таңда жасөспірімдер арасындағы қылмыстылықты азайту бойынша жұмыстарды күшейту талқыланды. Екінші мәселеге қатысты «Отбасы тұрмыстық қарым – қатынастағы (зорлық-зомбылық) құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2022 жылы қабылданған және 2023 жылы қабылданатын шаралар туралы» Сырдария аудандық полиция бөлімінің бастығы Тұрсекеев Ғани Асанұлы, Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Қаратаев Мақсұт Амануллаұлы, Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Жәнібеков Берік Съездұлы, Сырдария аудандық аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Жұмабаева Жанар Әшімқызы хабарлама жасады.

Өзекті мәселе бойынша тиісті ұсынымдар енгізіліп, комиссия отырысының қорытындысымен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа бейім азаматтармен арнайы мамандарды тарта отырып, профилактикалық жұмыстардың жүргізілуін қамтамасыз ету, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа бейім азаматтардың тізімі жасақтау және олармен профилактикалық шаралар күшейту, отбасылық зорлық-зомбылықтың орын алуы салдарын түсіндіре отырып, тәрбиелік мәні бар бейнероликтер дайындап, әлеуметтік желілерде кеңінен ақпараттандыруды қамтамасыз ету тапсырмалары жүктелді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<