Кітапханашылар мерейі

412

0

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні аталып өтті. Жиында ұлттық өнер мен мәдени мұраны дамытуға үлес қосқан сала өкілдері марапатталды.


Олардың қатарында сала ардагері Гүлбаршын Сүйсекеева, облыстық кітапханадан Гүлжан Жұматаева, кітапханалар жүйесіне қарасты №1 кітапханадан Шамжағар Қанқожаева, Арал аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Жанар Әлішева, Қазалы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Индира Назарова және тағы басқалар бар.

Статистикаға сүйенсек, облыс кітапханалары жыл басынан бері 98525 оқырманға қызмет көрсетті. Келушілер саны 649 мыңға жетіп, 1 490 мыңнан астам кітап қолға берілген. Барлығы 2600-ден астам іс-шара өткізілді. Оның ішінде онлайн форматтағы 1441 шараның қаралым саны 13600-ден көп. Облыстық кітапхана қорындағы 11689 кітап бүгінде цифрлы форматқа көшіп отыр. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты қазіргі күні «30 кітап» акциясы, «Сіз оқитын 100 кітап» көрмесі өтіп жатыр.


Шара барысында облыстық кітапхана директоры Нұрлыбек Мыңжас әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтап, тілектестік білдірді.

Қаракөз ШАЙЗАДА,


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<