Көмір қоры жеткілікті

266

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қытымыр қыс мінезін танытса, қатты отынға сұраныс екі есе артатыны белгілі. Осыған орай, облысқа 238 мың тонна қатты отын қажет болса, өңірдегі 20 көмір қоймасында нақты 26,9 мың тонна қатты отын қоры бар. Бүгінде облысқа 162,9 мың тонна көмір жеткізілген.

Тиісінше, облыс тұрғындарына 205 мың тонна, әлеуметтік нысандар үшін 33 мың тонна қатты отын бөлінген.

Бүгінде облысқа 162,9 мың тонна көмір жеткізілген.

Көмір бағасы маркаларына сәйкес (Шұбаркөл, Каражыра, Екібастұз) 17 мың теңгеден 23 мың теңге аралығында сатылуда.

Қызылорда қаласында 18 мың теңге.

Тұрғындарды қатты отынмен қамтамасыз ету мақсатында көмір бағасы, қоймалардағы нақты көмір қоры, мекен жайы мен байланыс номерлері күнделікті ақпараттандырылуда.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<