Көпбалалы аналар бас қосты

867

0

Отбасы күніне орай облыстық іскер әйелдер қауымдастығы және облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы бірлесіп, көпбалалы аналармен кездесу ұйымдастырды.

Кездесуге қатысушылар шай үстінде отбасы мәртебесін арттыру, бала тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі туралы мәселелерді талқылады.

Барлық қонақтар бір шаңырақтың түтінін түтетіп отырған, отбасы берекесін арттырып, салт-дәстүрді құрметтей білген әйелдер. Айталық, Раиса Смаханованың өмір жолы қонақтарды таң қалдырды. Жасы 80-нен асқан бақытты ана 4 бала тәрбиелеп, қазір 12 немере, 15 шөбере сүйіп отыр. Кездесудің тағы бір қонағы Лидия Филиппова 40 жылдан астам уақыт мұғалім болған. Ең қызығы, бүгінде балалары, немерелерімен бірге тату-тәтті үлкен отбасы болып өмір сүруде. Алты бала өсірген терапевт дәрігер Даншат Нұржанова да отбасы туралы ойымен бөлісті.

Кездесу қатысушылар бір-бірімен апалы-сіңлідей сырласып, қазақ және орыс әндерін бірге шырқады. Әрбір анаға естелік ретінде сыйлық табысталды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<