Көркем гимнастикадан облыстық ашық чемпионат өтеді

554

0

28 ақпан күні «Мұз айдыны» СК-де көркем және топтық эстетикалық гимнастикадан «Сыр жұлдыздары» облыстық ашық чемпионаты басталады.

Биыл сегізінші мәрте ұйымдастырылатын жарысқа еліміздің облыстарынан 2003 – 2015 жылдары туылған гимнастшы қыздар қатысады.Жарыс бекітілген ережеге сәйкес жекелей және топтық бағдарламалар бойынша өтеді.

Чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері 3 наурыз күні белгілі болады. Жарыс карантин талаптарын сақтай отырып, көрермендерсіз, салтанатты шарасыз өткізіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<