Күллі әлемді шарлаған Кеңес-әуен 

1282

0

Композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кеңес Дүйсекеев атындағы «Туған жер» атты I халықаралық ән бәйгесі өз мәресіне жетті.

Екі күнге созылған конкурстың 1 миллион теңгелік бас жүлдесін атыраулық әнші Дана Мәжитова иеленді. Ол К.Дүйсекеевтің «Туған жер» әнін орындады.

I орынды «Сәлем саған, туған ел!» әнін орындаған ақтөбелік «Тамсан» триосы мен «Теңеу бар ма, саған?» әнін қазақша шырқаған Польша елінің өнерпазы Михаил Качмарек жеңіп алды.

II орынның олжасы астаналық әнші Айдын Жұмабаевқа, тағы бір ақтөбелік талант Азамат Бекбергеновке және қырғыз әншісі Абай Сериковке бұйырды.

III орын жүлдесін – Алмагүл Батталиева (Алматы), Камила Талғатова (Шығыс Қазақстан), Славея Иванова (Болгария) бөлісті.

Сонымен қатар, «Үміт», «Көрермен көзайымы», «Туған жер» деп аталған номинациялар жүлдесі Кенже Майлыбайға (Қызылорда облысы, Қазалы ауданы), Муса Молдабаевқа (Өзбекстан), Ақылбек Табынбаевқа (Қызылорда) тиесілі болды.

Жүлделерді облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, Кеңес Дүйсекеевтің ұлы Нұркен Дүйсекеев және қазылар алқасы табыс етті.

Конкурс Н.Бекежанов театрында гала-концертпен қорытындыланды. Көрермендер Кеңес Дүйсекеевтің әндерін тік тұрып қосыла шырқады.

Осылайша Сыр елінің талантты перзентінің асқақ әндері туған жер төсінде қалықтады.

«Сб» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<