Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесі Қызылорда қаласындағы М.Сужиков атындағы №6 орта мектепте екінші дүниежүзілік соғыстың 80 жылдығына арнап танымдық кеш ұйымдастырды.
Кеш барысында мектеп оқушылары майдангер аталары туралы естеліктер жазып, жыр шумақтарын арнады. Танымдық кеш «Менің атам – майдангер» тақырыбында эссе жазу, «Есімдерін ұлықтап жыр жазамыз» атты мүшайра кезеңдерін қамтыды. Білім және теміржол саласының ардагерлері, оқушылар, ұстаздар мен ата-аналар қатысқан танымдық кешті облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенбаев ашып, кештің маңызы мен мәніне тоқталып өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Қызықты да тартысты өткен сайыс қорытындысы бойынша I орынды №23 мектеп-лицейдің 10-сынып оқушысы Інжу Бекболатқызы иеленсе, II орынды Абай атындағы дарынды балаларға арналған мектептің 8-сынып оқушысы Айзере Арыстан алды. Ал III орын №3 мектеп-лицейдің 11-сынып оқушысы Әбілқайырова Гүлімге бұйырды. Жүлдегерлер облыстық ардагерлер кеңесінің дипломы және бағалы сыйлықтарымен марапатталып, қалған қатысушыларға алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары берілді.
«СБ» ақпарат
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<