Мамыр айында ауа райы қандай болады?

197

0

Алдағы айда ауаның орташа айлық температурасы +21 +23 градус болады деп күтілуде, яғни нормадан +1 градусқа жоғары. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қазгидромет» РМК облыс бойынша филиалының бөлім басшысы Әйгерім Жөкелова хабарлады.

– Мамырдың бірінші онкүндігінде ауа температурасы түнде +7 +12 градустан +12 +17 градусқа дейін, күндіз +23 +28 градустан +28 +33 градусқа дейін, облыстың оңтүстігінде +37 градусқа дейін жоғарылайды. Онкүндіктің соңында ауа температурасының төмендеуі болжанады.

Екінші онкүндікте ауа температурасы түнде +5 +10 градусқа дейін, облыстың оңтүстігінде +13 градусқа дейін, күндіз +23 +28 градусқа дейін, облыстың солтүстік-батысында +20 градусқа дейін төмендейді. Онкүндіктің ортасында ауа температурасы түнде +17 +22 градусқа дейін, күндіз +35 +40 градусқа дейін, облыстың оңтүстігінде +43 градусқа дейін жоғарылайды деп күтілуде. Онкүндіктің соңында ауа температурасының түнде +10 +15 градусқа дейін, күндіз +26 +31 градусқа дейін төмендеуі болжануда.

Үшінші онкүндікте ауа температурасының түнде +15 +20 градустан +10 +15 градусқа дейін, күндіз +31 +36 градустан +26 +31 градусқа дейін, облыстың оңтүстігінде түнде +23 градустан +18 градусқа дейін, күндіз +39-дан +34 градусқа дейін ауытқуы болжанады, – деді ол.

Маманның айтуынша, жауын-шашынның айлық мөлшері облыстың басым бөлігінде нормадан аз, облыстың батысында норма шамасында болмақ. Жаңбыр, найзағай бірінші онкүндіктің соңында және үшінші онкүндіктің ортасында күтіледі. Шаңды дауыл бірінші онкүндіктің ортасында, екінші онкүндіктің соңында және үшінші онкүндіктің ортасында болжанады. Жел 15-20 м/с ай бойы жиі күтіледі.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<