Маңызды мәселелер талқыланды

364

0

Бүгін Қазалы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті.

Мәжілістің күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Оның алғашқысы алдағы 2023-2024 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық барысы туралы болса, бұл туралы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жасұлан Жиентайұлы баяндап берді.

Ал жаз мезгілінде суға шомылу қауіпсіздік шаралары жайында аудандық төтенше бөлімінің бастығы Алтынбек Қалиев хабарлама жасады.

Аталған мәселелерге жеке-жеке тоқталған Жалғас Оңғарұлы сала басшыларына тиісті тапсырмаларды жүктеп, қатаң бақылауда болатынын жеткізді.
Оған қоса жаз мезгіліндегі оқыс оқиғалардың алдын алудың шараларына аса қатты мән беру қажет екеніне тоқталды.

Қазалы ауданы

әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<