«Мансап» орталығы жұмысқа орналастырады

2149

0

Облыста «Еңбек мобильділігі» орталығының филиалдары «Мансап орталығы» атауымен өз жұмысын бастағанына көп уақыт болған жоқ. Аталған орталық облыс тұрғындарына атаулы әлеуметтік көмек бағытында қызмет көрсетіп, жұмыспен қамтуға жәрдемдеседі. Бұдан бөлек, нақты кезеңде «Мансап орталығының» 6 бөлімі халыққа үздіксіз қызмет етуде. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен көшпелі брифингте ақпарат құралдары өкілдері осы орталықтың жұмысымен танысты.

– Өткен 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап ҚР Әлеуметтік кодексі күшіне енді. Кодекс негізінде аймақ басшысының қаулысымен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі» орталығы құрылғаны баршаңызға мәлім. Оның филиалдары «Мансап орталығы» деген атаумен былтырғы шілде айында жұмысын бастады. Бүгінде «Еңбек мобильділігі» орталығында 28 адам, ал, «Мансап орталығы» филиалдарында 187 адам қызмет атқарады. «Еңбек мобильділігі орталығы» мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру бағытында жұмыс берушілермен байланыс жасайды. Сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесіп, белсенді шараларын жүзеге асырады. Былтыр орталық арқылы 16 мыңнан астам адам субсидияланатын жұмыс орындарына орналасса, әлеуметтік осал топтағы 1 529 адамға қайтарымсыз мемлекеттік грант берілді. Осының нәтижесінде олар кәсібін ашты. Ал осы жылы 14 765 азамат бос жұмыс орындарына, 13 383 адам субсидияланатын жұмыс орындарына орналасады деп күтілуде. Сонымен қатар, 1 556 адамға қайтарымсыз мемлекеттік грант беру жоспарда бар, – деді Қызылорда облысы бойынша «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ директоры Шаризат Алмашева.

– Орталық айына бір мәрте «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесін ұйымдастырады. Өткен жылы 5 478 қызылордалық біздің орталық арқылы тұрақты жұмысқа орналасты. Ал ұлттық жоба шеңберінде 93 жоба бойынша 1 620 адам екі қолға бір күрек тауып, жұмыспен қамтылды. Әлеуметтік осал топтарға жататын 500-ге жуық адамға мемлекеттік грант берілді. Ал осы жылы 97 жобаны жүзеге асырып, 1255 адам жұмысқа орналасады деп күтілуде, – дейді Қызылорда қаласы «Мансап орталығы» филиалының директоры Жақсылық Төлегенов.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<