Медициналық тексеруден тегін өтеді

895

0

Аймағымыздың мемлекеттік білім беру ұйымдарында жұмыс жасайтын ұстаздар 2023-2024 оқу жылында медициналық тексеруден тегін өтетін болды.

Бұл мақсатта облыс әкімінің қолдауымен бюджеттен 90 млн-нан астам қаржы бөлініп отыр.

Айта кетейік, өткен жылдың тамыз айынан бастап медициналық тексеруден өту тек балабақша қызметкерлеріне ғана тегін болып келсе, енді биылдан бастап білім саласы қызметкерлері толық қамтылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<