Мейірім шуағы

604

0

Н.Ахмадеева атындағы №112 орта мектепте республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында қазіргі жағдайда  қашықтан оқытуға байланысты демеушілер тарапынан  аз қамтылған, көпбалалы отбасы балаларына планшеттер, смартфондар және оқу құралдары табысталды.

Аймақтағы әлеуметтік қол­дауды қажет ететін отба­сыларға қаламыздағы бірқатар азаматтар қол ұшын созғаны көңіл қуантады. Бұл игі іске көмек көрсеткен ел ағалары «Қызылорда-СМП-70» ЖШС басшысы, облыстық мәслихат депутаты Т.Әлімқұлов 5 оқушыға планшет, 5 оқушыға смартфон сыйласа, қалалық мәслихат депутаты А.Нақып 5 оқушыға оқу құралдарын табыстап, қалалық паркте аттракциондарға тегін ойнатып, балаларға жақсы көңіл-күй сыйлады.  Сондай-ақ,   Қазақстан мұсылмандар  діни басқармасының облыс бойынша Зекет қорының өкілі О.Жидебаев 3 оқушыға планшет, 2 оқушыға смартфон сыйлап, балалардың қашықтан оқуына жағдай жасауда.

Гүлжазира ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ,

Н.Ахмадеева атындағы №112 орта мектептің

әлеуметтік педагогы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<