Мектептегі кітап көрмесі

1951

0

Адамға рухани байлық сыйлап, ғылым мен білімнің терең сырына сусындатар орын – кітапхана. Ол дүниеде ештеңе тең келмейтін білім бұлағының көзі. Қоғамның, адамзаттың өсіп-өркендеуі кітаппен тығыз байланысты. Мектеп кітапханасы оқушыларға ғылым негіздерді үйренуге, оқу-тәрбие процесіне белсене араласып, ақпараттық білім кеңістігінің дамуына көмектеседі.

Мұнда мектеп ұжымының барлық мүшесіне оқулық бағдарламалары, кітаптар және басқа материалдар ұсынылады. Оқушыларға берілген тақырыпқа қатысты ой-пікірлерін сұрыптау мен жүйелеуге, тапқан ақпараттарын сабақ барысында тиімді пайдалануға, оқырман қызығушылығы мен мұғалімдердің кәсіби өсуіне жәрдемдеседі.

Мектеп кітапханасында оқушылар, сынып жетекшілері қатысатын көптеген іс-шара өткізіледі. Түрлі тақырыпта көрмелер ұйымдастырылады. Биылғы «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында балалардың кітап оқуға құмарлығын ояту үшін жұмыс атқарылуда. Соның ішінде «Оқу сағаты» деген жоба бар. Ол бойынша оқушы қызығушылығын арттыру үшін дәлізге кітап көрмесі қойылды. Рухани азық іздеген әр  адамның бұл көрмеден алары мол.

Айжарқын Абдрахман,

Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназия кітапханашысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<