«Мемлекеттік тіл және аударма мәселелері» жиында талқыланды

462

0

Облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және іс қағаздар мен көрнекі ақпараттарды мемлекеттік тілде қолдану қағидаттарын сақтауға бағытталған «Мемлекеттік тіл және аударма мәселелері» атты семинар өтті.

Жиынға облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Артур Қамбаров, облыстық басқармалар мен аумақтық департаменттердің тілге жауапты мамандары, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының өкілдері, жарнама агенттіктері, тіл жанашырлары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Аталмыш семинарда облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Артур Қамбаров қазақ тілі ұлттық сана қалыптастыруда басты құрал екенін айтып, мемлекеттік тілдің маңыздылығына барша азаматтардың жауапты екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар облыстық қоғамдық даму басқармасының тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Ләззат Есімова «Мемлекеттік тілдің қолданылуы» тақырыбында, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің оқытушы-ғалымдары Аман Абасилов «Тағам атауларының мемлекеттік тілдегі базасын қалыптастыру» мәселелері, Алдажар Әбілов «Аударма және балама мәселелері» тақырыбында баяндама жасады.
Баяндамашылар қоғамда мемлекеттік тілдің қолданылу жағдайы мен қоғамдық тамақтану орындарындағы ас мәзірінің қазақ тілдегі нұсқасының болуы және қазіргі мәтіндердегі аударма мәселелері туралы сөз қозғады. Күн тәртібіндегі мәселелер толық қамтылғаннан кейін жиынға қатысушылар өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<