Мұнай бағасы құлдырады

490

0

Коронавирустың екінші толқыны болуы мүмкін деген қауіптен мұнай бағасы түсіп кетті, – деп хабарлайды РИА Новости.

Brent маркасының қарашадағы фьючерсінің бағасы 4,06 пайызға төмендеп, барреліне 41,4 доллар, WTI бағасы 4,45 пайыз арзандап, 39,78 доллар болды. 

Ал WTI маркасының қазандағы фьючерсінің құны 4,14 пайыз түсіп, барреліне 39,41 долларға төмендеді. 

Мұнай трейдерлері коронавирус таралуының «екінші толқыны» басталуы мүмкін деген қауіп әлемдік экономикаға, оның ішінде шикізатқа сұранысқа қысым түсіріп жатыр деп есептейді.

Көптеген елде қазір инфекция жұқтырғандар көбейді және олар карантин шараларын күшейтті.

Сондай-ақ Ливияда мұнай өндіру қайта ашылғаны туралы жаңалық та мұнай бағасына қосымша әсер етті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<