Мұз үстіндегі қауіпсіздікті сақтайық

1583

0

Арал ауданының Аманөткел және Бөген ауылдық округі әкімшіліктерінде Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Арал балық инспекциясы бөлімі мамандары ұйымдастыруымен Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі Жедел құтқару жасағымен Арал полиция бөлімі, Көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің қатысуымен қыс мезгілінде су айдындарында мұз астынан балық аулау маусымында төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған мұз үстіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізу туралы жиын өткізілді.

Жиналысқа ауыл тұрғындары, балықшылар мен табиғат пайдаланушылар «Бақыт» ШҚ және «Арал СДО» ЖШС-нің жауапты қызметкерлері мен қорықшылары қатысты. Қорықшылар мен балық аулау ұйымдары басшыларына, өздеріне бекітіліп берілген балық аулау учаскелерінде қыс мезгілінде мұз астында балық аулау, балықшыларға мұз үстінде өзін ұстау ережесін қатаң сақтау талап етіліп ескертілді. Ережелер туралы үнпарақтар таратылып берілді.

Мұзға шығар алдында оның беріктігіне көз жеткізу қажет. Қазіргідей жылымық кезде мұзға шығу қауіпті. Балықшылар мұз үстінде автокөліктермен барар уақытта жүргізушіге тек арнайы жабдықталған құрылғыларды пайдалану керек. Мұз үстінде жүргенде автокөліктің жүргізуші жағындағы есігі ашық болуды есте ұстау қажет.

Ең қауіпсіздік нұсқа – көлікті жағада қалдыру. Су айдындарындағы қайғылы оқиғалардың ең жиі кездесетін себептерінің бірі – алкогольдік масаңдық. Мұндай жағдайдағы адамдардың бойында қорқыныш сезімі жоғалады, төтенше жағдай кезінде дәрменсіз күйде болады. Сіздің балық аулауға баратыныңыз туралы мүмкіндігінше жұмыс орныңыз және үй-ішіңіз білуі тиіс. Балық аулауға жалғыз шығу қауіпті. Мұзды суда адам тез тоңады және есінен айырылады, сондықтан зардап шеккендерге тез арада көмек көрсету керек.

А.САЙМАНБАЕВ,

Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы Арал балық инспекциясы бөлімінің бас маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<