«Нашақорлық болашағыңа жасалған қастандық»

407

0

26 маусым нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы халықаралық  күрес күніне орай Қызылорда облыстық полиция департаменті есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесе отырып  «30 игі іс» партиялық акциясы аясында облыстық «Jas Otan» ЖҚ волонтерлары «Нашақорлық  болашағыңа жасалған қастандық» тақырыбында қалылық демалыс паркінде халыққа түсіндірме жұмыстарын ұйымдастырды.

Шара барысында арнайы дайындалған буклеттер мен таратпа материалдар үлестіріліп сала мамандарымен бірге түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Есірткіні және психобелсенді заттарды теріс пайдалану адам ағзасына ауыр зардабын тигізеді. Бірде-бір зиянсыз немесе зияны аз есірткі құралдары жоқ. Олардың барлығы психикалық және табиғи тәуелділікке алып келеді, иммундық жүйені бұзады, агрессия тудырады, адамның барлық органдары мен жүйесін зақымдайды. Ең алдымен есірткінің зардабы жасөспірімдер мен жастарға тиетіндігін айта отырып жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Алдағы уақытта аталмыш шаралар өз жалғасын тауып жастар мен жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу және болдырмау бағытндағы шаралар жалғасын табаиын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<