Өңірдегі этносаралық ахуал тұрақты

376

0

Еліміздегі барлық этностар арасындағы шынайы келісім мен бірлікте тұрмыс кешуі, ең алдымен, қазақ халқының ата-дәстүрі мен табиғи кеңпейілдігі, ұлттық ділінің кеңдігі арқасында екендігіне дау жоқ.

Қазіргі таңда Ассамблея этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы маңызды құралға айналып, елімізде тұрмыс кешіп отырған барлық этностардың өзара тең құқықты қатынасын қамтамасыз етуші алаң рөлін атқаруда. Он төрт жылдың ішінде аталған құрылым қоғамдағы тұрақтылықты сақтаушы құралға айналғанын уақыттың өзі дәлелдеп отыр.
Ассамблеяның негізгі бағыты барлық этностық топтарды ортақ мақсатқа жұмылдыру болып табылады.

Ассамблеяның өміршеңдігінің ең басты ерекшелігі – ол этностық топтардың қызметін бақылаумен айналысатын қарапайым ұйымға ғана айналып қоймай, сонымен қатар еліміздегі барлық ұлт пен ұлыстың мүдделерін бір арнаға тоғыстырушы, барлық азаматтардың этностық, діни ерекшеліктеріне қарамастан құқығы мен бостандығын сақтаушы толыққанды саяси институтқа айналуында.

Облыс халқының 96,5 пайызы қазақ, 3,5 пайызы – 35 этностық топтан құралады. Этностардың басым бөлігі Қызылорда және Байқоңыр қалаларында (яғни 2,67 пайыз).

2023 жылдың І-тоқсанында облысымызда этносаралық саладағы ахуал және этностық топтар арасындағы өзара қарым-қатынас тұрақты әрі қалыпты деңгейде сақталды. Этникалық белгілеріне сәйкес кикілжіңдер тіркелген жоқ.

Жалпы мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыруда облыстық ҚХА құрамында 11 этномәдени бірлестіктер, аудандарда 5 этно бағытталған үкіметтік емес ұйымдар және 8 қоғамдық құрылым жұмыс атқарады. Сонымен қатар Қорқыт Ата атындағы ҚУ-нің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығымен тығыз әріптестік байланыс орнатылған.

Атап айтқанда, Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі, Ақсақалдар кеңесі, Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық тобы, Медиация кабинеті және медиаторлар кеңесі, Қызылорда облыстық «Ассамблея жастары» РҚБ жастар ұйымы, Журналистер мен сарапшылар клубы, Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының волонтерлер орталығы, сондай-ақ, ҚХА Достық үйлері базасында «Ситуативті қазақ тілі – «Мәміле» жобасы іске асырылуда.

Өңірлік Қазақстан халқы ассамблеясы ҚР Президенті Әкімшілігі мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бекіткен арнайы жұмыс жоспарлары мен тұжырымдамаларын негізе ала отырып жұмыс атқарады. Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйлерін дамыту тұжырымдамасы, Этносаралық қатынастар саласындағы кешенді тәсілді қамтамасыз ету жөніндегі 2023 жылға арналған ведмоствоаралық жоспарына сәйкес жүйелі жұмыстар жүргізеді.

Облыстық ассамблеяның бастамасымен жүзеге асырылатын жобалардың бірі – «Сыр өңірі – бейбітшілік пен келісімнің мекені». Жобаның мақсаты – қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты сақтау және облыстағы этномәдени бірлестіктердің салт-дәстүрін, мәдениетін, ұлттық мерекелерін атап өтуге, сондай-ақ, қазақстандық этностардың тарихи-мәдени байланыстарына қатысты ғылыми зерттеу жұмыстарына жәрдемдесу.

Жоба аясында өзбек, татар, шешен, түрік, еврей этносының мәдени күні, немістердің «Алтын дән мерекесі», кәріс этносының мәдени күні, Сольналь кәріс ұлттық мерекесі, славяндардың «Достықта жоқ шекара» фестивалі, «Халықтар достығы» фестивальдары өткізілді. Жобаға облыстық бюджеттен 5 000 000 теңге қарастырылған. Облыстық этномәдени бірлестіктер өз жұмыстарын мемлекеттік сатып алу қызметі арқылы жүзеге асырады.

«Сыр өңірі – бейбітшілік пен келісімнің мекені» жобасы жүйелі түрде 7 жыл қатарынан жүзеге асырылып, оң нтәижесін беріп келе жатқан жоба ретінде бағалануда.

Этнос жастары арасында мемлкеттік тілді дамытуға бағытталған жобалардың бірі «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы. Жобаның мақсаты өскелең ұрпақты қолдау және ынталандыру, мемлекеттік тілді меңгеруге ерекше қызығушылық танытқан өскелең ұрпақты, түрлі этностық топтардың жастарын ынталандыру шаралары арқылы қазақстандық бірегейлік пен бірлікті дамытуға жәрдемдесу болып табылады. Мемлекеттік тілді кеңінен насихаттауға бағытталған «Ғажайып қазақ тілі әлемі» атты зияткерлік сайыс өткізілді.

«Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы облыс көлемінде 7 жыл қатарынан жүзеге асырылып келеді. Жоба аудан, қала мектептерін түгелдей қамтып келеді.
Есепті мерзімде жоспарлы түрде және жоспардан тыс онлайн/офлайн форматта барлығы 67 шара ұйымдастырылып, оған 8 мыңға жуық адам қамтылды.

Аймақта этносаралық тату-тәтті қарым-қатынас пен қоғамдық келісімнің қазақстандық өзіндік үлгісі жайында және жалпы адами құндылықтарға негізделген рухани-адамгершілік дағдыларды қалыптастыру мәселелерін назарда ұстау бағытында ағымдағы жылы қаңтар, ақпан айларында ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері жоғары және арнаулы оқу орындарында, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен «Бірлігіміз – әралуандылықта», «Қоғамдық келісімді сақтау – еліміздің әрбір азаматының перзенттік парызы» тақырыптарында 6 кездесу өткізіліп, ұйымдастырылған шараларға 600-ге жуық жергілікті тұрғындар қатысты. 
Жергілікті этномәдени бірлестіктер тарыпанан биыл «Қазақстан корейлер қауымдастығы» Қызылорда облыстық бірлестігінің ұйымдастырумен корей халқының Жаңа жылы – Сольналь мерекесі, Славяне» қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған дәстүрлі «Широкая Масленица» мерекесі және «Вайнах» облыстық шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен шешендер мен ингуштарды депортациялаудың 79 жылдығына арналған еске алу кеші өтті. 
Достық үйі облысқа шет елдерден келген делигация өкілдері мен жергілікті этностардың өзара кезедесетін, сұхбаттасатын ашық алаңына айналды. Мәселең а.ж. Ресей Федерациясының Бас консулы Бобров Евгений Петрович, Оңтүстік Кореяның Чоллабук-до провинциясынан келген өкілдер жергілікті кәрістермен, ал, 2022 жылғы желтоқсанда Татарстан Республикасы мен республикалық татар этномәдени орталықтарының өкілдері кездесті.  

Есепті мерзімде республикалық және облыстық БАҚ беттерінде – 98 материал, әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда – 56 бейнематериал, 192 жарияланым жарық көрді.

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ірі жобалары

Жалпықазақстандық бірліктің бірегей моделін қалыптастыруда Қазақстан халқы Ассамблеясы маңызды рөл атқарады.
ҚХА басты міндеті мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болып табылады.
Ассамблеяның мақсаты – қазақ халқының топтастырушылық рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық біркелкілікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде республикадағы этносаралық келісімді қамтамасыз ету.
Ассамблеяның негізгі міндеті – этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттылықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасау, ел бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамының негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту. 
Облыстық комиссия отырысының шешімімен Қызылорда облысы бойынша өңірлік 8 этномәдени бірлестік 1 республикалық этномәдени бірлестік филиалы қоғамдық акредиттеуден өтіп, Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің тізіліміне енгізілді. 
Облыстық Ассамблея жанында 8 қоғамдық құрылым жұмыс атқарады. Сонымен қатар Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Тарих және Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығымен тығыз әріптестік байланыс орнатылған. Олар: Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, Ғылыми-сарапшылық топ,
Медиация кабинеті, «Ассамблея жастары», Журналистер мен сарапшылар клубы, Волонтерлер орталығы және «Мәміле» клубы.

Аналар кеңесі отбасылық құндылықтарды нығайтуда

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі – Қазақстандық қоғамның бірлігі мен тұрақтылығын сақтауда өзіндік үлесін қосуда.
Аналар кеңесі қазақстандық патриотизмді, толерантылықты және этносаралық келісімді, ұрпақтар сабақтастығын, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды нығайтуда айтарлықтай жұмыстар атқарып келеді.
Құрамы: Облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесі 2014 жылы құрылды. Облыста 113 Аналар кеңесі, құрамында 1103 мүшесі жұмыс жасайды. 1 облыстық, 2 қалалық, 7 аудандық, 103 ауылдық окургтер жанынан құрылған кеңес.   
Мақсаты: Еліміздегі этносаралық келісім мен тұрактылықты сақтау, отбасы құндылықтарын нығайту, дәстүрлі дін мен ұлттық рухты жастардың санасына қалыптастыру мақсатында жүйелі түрде түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Аналар кеңесі жас отбасыларға әлеуметтік-психологиялық кеңес беру орталығымен, «Сыр аналары» қоғамдық қорымен, «Шаңырақ» жас қыз-келіншектер ұйымымен, «Бекзаттар мен бекзадалар» клубымен, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ жанынан құрылған «Қыз Жібек» қыздар клубымен тығыз байланыста жұмыс жасайды.

Ғылыми-сарапшылық топ

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық тобы 17 адамнан құралған. Топ құрамында 2 ғылым докторы, 11 ғылым кандидаттары, 1 PhD доктор, 3 ғылым магистрі бар.
Ғылыми-сарапшылық топ мүшелері түрлі ғылыми бағыттарда ізденіс жұмыстарын жүргізеді. Олар: Жаһандану жағдайындағы қазақ менталитетінің эволюциясы, Қазақстанның қазіргі әлеуметтік-демографиялық үдерістерін зерттеу, Этнодемографиялық үдерістер және этносаралық келісімнің нығаюы, мемлекеттің ішкі тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің негізі, Халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістерге көші-қон саясатының әсері.

Медиация кабинеті және медиаторлар кеңесі

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының медиация кабинеті 2016 жылы 31 наурызда ашылды. Облыстың барлық 7 (жеті) ауданында медиация кабинеттері ашылып, жұмыс жүргізуде. 
Бүгінгі күнге дейін облыстық Қазақстан халқы ассамблеясымен Медиация кабинетінің жұмысын жетілдіру мақсатында 14 тараппен меморандумға қол қойылды. 
Кеңес құрамына барлық облыстық ЭМБ жетекшілері қосылып, жаплпы саны 27 мүшені құраса, қазіргі таңда оңтайландыру нәтижесінде 15 адам мүшелік етуде. 
Қызылорда облыстық «Ассамблея жастары» РҚБ жастар ұйымы – облыстағы түрлі этнос жастары мен этномәдени бірлестік жастарының басын біріктіріп, этносаралық саясатты жүзеге асыруға бағытталған қоғамдық құрылым. 
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы 2018 жылы құрылып, 2022 жылдан бастап «Ассамблея жастары» РҚБ Қызылорда облысы бойынша филиалы болып өзгертілді. 
Құрамы: Облыстық «Ассамблея жастары» РҚБ жастар ұйымының құрамында 50-ге жуық жас мүшелік етеді. Жастар ұйымының жұмысын жүйелі жүргізу мақсатында Достық үйінен арнайы кабинет берілді.

Журналистер мен сарапшылар клубы

Журналистер мен сарапшылар клубы этникалық журналистика саласындағы бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуетін қоғамдағы этникааралық келісім мен ұлттық бірлікті ілгерілетуге жұмылдыратын сарапшы-кеңес алаңы болып табылады. Клубтың төрағасы – Рыбина Елена Владимировна.
Журналистер мен сарапшылар клубының құрылымы мен құрамы: журналистер мен Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының сарапшылар клубы барлық жетекші БАҚ, этникалық басылымдар мен этномәдени бірлестіктерді біріктіреді. Клуб 2015 жылы құрылған. Қазіргі уақытта клубтың 16 мүшесі бар. Олардың арасында журналистер мен этносаралық қатынастар саласындағы сарапшылар бар.

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының волонтерлері қозғалысы орталығы

2020 жылдың 17 қаңтар күні Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы волонтерлері қозғалысының құрылды.
Еріктілер қозғалысының басшысы болып облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының қоғамдық негіздегі орынбасары Шек Ирина Николаевна сайланды.
«Бірлік» – әлеуметтік бағыты. «Тәрбие» – спорттық бағыты. «Білім» – білім беру бағыты. «Келісім» – медиация бағыты.

«Мәміле» ауызекі сөйлеу клубы

ҚХА Достық үйлері базасында «Ситуативті қазақ тілі – «Мәміле» жобасын іске асыру бойынша төмендегілерді хабарлайды.
Достық үйінде орналасқан мемлекеттік тілді меңгеруге ниет білдірушілер мен тілді меңгерген еріктілер үшін диалогтық алаңдардан тұратын «Мәміле» ауызекі сөйлеу клубы 2019 жылы құрылып, жұмыс жасауда. 
Клуб жұмысының мақсаты – қазақ халқының тарихи және мәдени мұрасын, салт-дәстүрін, өмірлік құндылықтарын зерделеу арқылы мемлекеттік тілді үйрету.

Достық үйі – келісім мен достықтың іргетасы

Татулық пен бірліктің, ынтымақ пен жасампаздықтың ордасына айналған Сыр бойында 35-ке тарта түрлі этнос өкілдері өмір сүріп келеді. 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай ашылған Достық үйі түрлі ұлттар мен ұлыстардың өкілдерін бір шаңырақ астына біріктірген достықтың темірқазығы іспеттес.
Достық үйінде тілдерді оқыту кабинеті жүйелі жұмыс жүргізеді. Кабинетте мемлекеттік тілі оқытылады. Аудандарда және Байқоңыр қаласында этносаралық мәселелер жөніндегі сарапшылар, Сырдария ауданында Достық үйі бар.
Қазіргі таңда облыс көлемінде 11 этномәдени бірлестік жұмыс атқарады. Олар: «Понтийцы» Қызылорда облыстық грек, түрік, «Ватан» татар, «Вайнах» шешен-ингуш, «Дослык» өзбек, «Lev ami» еврей, «Wiedergeburt» неміс, қырғыз этномәдени бірлестіктері, «Облыстық кәрістер ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі, «Славяне» қоғамдық мәдени орталығы, «Қазақстандағы орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда филиалы.
Этномәдени бірлестіктердің басты мақсаты: Елдегі этносаралық келісімді нығайту, Қазақстан халқы мәдениетінің өзара жан-жақты дамуы мен ұлттық салт-дәстүрлері мен мәдениеттерін жандандыруға, жастарды отансүйгіштік пен толеранттылық рухта тәрбиелеуге, мемлекеттік тіл мен ана тілін үйретуге бағытталған.
Облыстық ассамблеяның бастамасымен жүзеге асырылатын жобалардың бірі «Сыр өңірі – бейбітшілік пен келісімнің мекені». Жобаның мақсаты  қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты сақтау және облыстағы этномәдени бірлестіктердің салт-дәстүрін, мәдениетін, ұлттық мерекелерін атап өтуге жәрдемдесу.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<