Өңірлерде коронавирусқа қарсы вакцинация қарқыны қандай

458

0

Қазақстанда коронавирусқа қарсы халықты егуде Алматы қаласы көш бастап тұр. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйеніп хабарлайды.


2021 жылғы 1 шілдедегі мәлімет бойынша, Қазақстанда I компонентпен – 3 413 684 адам,

II компонентпен 2 039 622 адам вакциналанды.

Коронавирус вакцинасының толық дозасын алғандар бойынша алдыңғы орында тұрған өңірлер: Алматы қаласы – 302 257 адам (30 маусымдағы мәлімет – 298 003 адам); Алматы облысы – 208 094 (205 356); Түркістан облысы – 202 222 (194 870); Шымкент қаласы – 159 881 (156 618); Қарағанды облысы – 153 259 (151 194); Нұр-Сұлтан қаласы – 152 063 (150 169). Айта кетейік, 29 маусымда коронавирус вакцинасының толық дозасын алғандар саны – 1 954 372; 30 маусымда 2 000 596 адам болды.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<