Өскеменде жасөспірім қыз Ертіс өзеніндегі көпірден секіріп кетті

379

0

Фото: ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті

Куәгерлер құтқарушыларға дереу хабар берген. Оқиға орнына жедел қайықпен жеткен құтқарушылар қызды өлімнен аршалап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Андрей Дубихин, Медет Ахметов келіп жетіп, олар мұздай суық судан өз әріптесіне, № 5 құтқару бөлімшесінің басшысы Виталий Склярға және зардап шегушіге алғашқы көмек көрсетуге көмектескен екі ер адамға қол ұшын берді.

Жедел жәрдем дәрігерлерін күтпей, өрт сөндіруші-құтқарушылар Эльдар Зарипханов, жүргізуші Қуаныш Мұратханов, Дияс Мұқаев жедел кезекшінің орынбасары, жүргізуші Нұржан Базарқұлов, аға нұсқаушы-құтқарушы Евгений Головченко  2008 жылы туған жасөспірім қызды медициналық мекемеге шұғыл жеткізді. Бір өлімнен аман қалған қыз мамандардың бақылуына алынып, ауруханаға жатқызылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<