Өзбекстанда 2024 жыл жастар мен бизнесті қолдау жылы деп жарияланды

391

0

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев республика халқын Жаңа жылмен құттықтады, деп хабарлайды Kazinform агенттігі President.uz-ға сілтеме жасап. 

2024 жыл «Жастар мен бизнесті қолдау жылы» болып жарияланды.

Өзбекстанда дәстүр бойынша, 1997 жылдан бастап президент келесі жылдың атын жариялап, қоғамды одан әрі дамытудың басым бағыттарын белгілеп береді.

Еске сала кетейік, бұған дейінгі жыл атаулары төмендегідей:

1997 жыл – Адам мүддесі жылы.

1998 жыл – Отбасы жылы.

1999 жыл – Әйелдер жылы.

2000 жыл – Салауатты ұрпақ жылы.

2001 жыл – Аналар мен балалар жылы.

2002 жыл – Қарттарды қадірлеу жылы.

2003 жыл – Абат махалла жылы.

2004 жыл – Мейірім-шапағат жылы.

2005 жыл – Денсаулық жылы.

2006 жыл – Демеушілер мен дәрігерлер жылы.

2007 жыл – Әлеуметтік қорғау жылы.

2008 жыл – Жастар жылы.

2009 жыл – Ауылды дамыту мен өркендету жылы.

2010 жыл – Кемел ұрпақ жылы.

2011 жыл – Шағын бизнес және жеке кәсіпкерлік жылы.

2012 жыл – Берік отбасы жылы.

2013 жыл – Жақсы тұрмыс жылы.

2014 жыл – Салауатты бала жылы.

2015 жыл – Қарттарды құрметтеу жылы.

2016 жыл – Салауатты ана мен бала жылы.

2017 жыл – Халықпен диалог, адам мүддесі жылы.

2018 жыл – Белсенді кәсіпкерлік, инновациялық идеялар мен технологияларды қолдау жылы.

2019 жыл – Белсенді инвестициялар және әлеуметтік даму жылы.

2020 жыл – Ғылым мен цифрлық экономиканы дамыту жылы.

2021 жыл – Жастарды қолдау және қоғамдық денсаулықты нығайту жылы.

2022 жыл – Адам қадірін ұлықтау және белсенді махалла жылы.

2023 жыл – Адамға көңіл бөлу және сапалы білім жылы жылы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<