Оқу құралы жарық көрді

678

2

Жақында «Қызылорда-Қанағаты» баспасынан «Киелі өнер иесі – Шәмшат» атты білім алушыларға арналған оқу құралы жарық көрді. Оқу құралы «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты мен «Болашақ» университетінің филология, журналистика кафедрасы жанындағы «Руханият» Ғылыми-зерттеу орталығында дайындалды.

Аталған оқу құралы Қызылорда «Болашақ» уни­верситетінің ғалымдары, филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.Тайманова, магистр Л.Сапар­таева және Қармақшы ауданындағы Т.Салқынбайұлы атындағы әуез мектебінің мұғалімі Ж.Тұрымбетовтың бірлескен авторлығында жарық көрді.
Еңбек құралы Сыр өңірінің айрықша талантты өнерпазы Шәмшат Төлепованың шығармашылығына арналған. Оқу құралында жыршылық, жыраулық өнердің бастау бұлағы Қорқыт мұраларында жат­қандығы, сөз бен саз өнерінің байланысы, сабақ­тастығы туралы айтылған ғалымдардың ой-пікірлері және термешілік-жыраулық дәстүрді жалғастырушы Шәмшат Төлепованың шығармашылық өмірбаяны, ол туралы жазылған мақалалар, арнау өлеңдер, Сыр сүлейлерінің терме-жырларының мәтіні мен нотасы, оны игертудің әдістемелік жолдары берілген.
Әр бөлімнің соңында білім алушылардың теориялық білімі мен шығармашылық қабілетін дамыту мақсатындағы іздену, оқу, үйрену бағытында түрлі тапсырмалар мен тест сұрақтары қамтылған. Оқу құралы жоғары және орта мектеп пен өнер мектебінің білім алушылары мен магистранттарына, зерттеуші мамандарға, мұғалімдерге арналған.

«СБ» ақпарат

Пікірлер:
  • Сыр бойының талантты жыраулары мен термешілерілерінің ішінен Шамшат Төлепованың шығармашылығын зерттеп, оларды нотаға түсіріп, оқу құралын құрастырған авторлардың инемен құдық қазғандай еңбектерінің жемісі «Киелі өнер иесі Шәмшат» атты оқу құралының білім алушыларға пайдасы тиері сөзсіз. Авторларды құттықтай отырып, еңбектеріңіздің оқырманы көп болуын тілеймін

  • Сара, жақсы еңбек жазыпсыздар, құтты болсын.
    Сыр елі өнерге тұнып тұр ғой, шіркін. Әрқайсысы жеке бір мектеп, соны келер ұрпаққа жеткізетін тәрбиелеп жатқан шәкірттеріңіз. Мына жазған еңбектеріңіз жылдар бойы ұрпақтан-ұрпаққа қолданатын оқу құралы, мұра болып қалар дүние. Берерлеріңіз көп болсын!

Пікір жазыңыз