Қызылордада орман тұқымбақтарының көлемі ұлғайып келеді

408

0

        Алдағы бес жылда Арал теңізінің құрғаған ұлтанында 213 мың гектар жерге 177,5 млн.

 сексеуіл ағаш көшеті отырғызылмақ.

            Ормандарды молықтыру жұмыстары 14,3 мың га жерге жүргізіледі. Оның ішінде 3 мың гектар Арал теңізінің құрғаған ұлтанында атқарылады.                                            

        Облыстағы сексеуіл мен саялы ағаш көшеттерін өсіретін орман тұқымбақтарының көлемі 22 гектардан 100 гектарға ұлғайып, тұқымбақтарда 1 миллионға жуық саялы ағаш көшеті дайындалып отыр.

            Ал, елді мекендерін көгалдандыру және жасыл аймақ құрудың 2021-2025 жылдарға арналған Өңірлік жоспары аясында алдағы 5 жылда 467,7 га жерге 1,1 млн астам жергілікті климаттық жағдайына бейімділген ағаш көшеттерін отырғызу да жоспарлануда.       

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<