Пәндік құзыреттілікті арттыру курсы аяқталды

881

0

«Өрлеу» облыстық филиалында қазақ және орыс тілінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы аяқталды.

Заманауи ғылыми зерттеулер мен оқытудың алдыңғы қатарлы интерактивті технологияларына негізделген мұғалімдердің берік білім жүйесін құруға мүмкіндік беретін бағдарлама ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің Tenses, Gerund, Voices, Idioms, Phrasal verbs, Speaking skills, Essay writing сияқты күрделі тақырыптар бойынша пәндік-әдіснамалық құзыреттілігін дамытуға бағытталған.

Курс барысында педагогтеріміздің білім беру бағдарламаларын табысты меңгеріп, жазу, сөйлеу, тыңдау және оқу дағдылары бойынша грамматикалық құрылымдарды дұрыс қолдануды пысықтау, сабақтың теориялық негіздерін дәйектілікпен зерделеу, сабақтарды жобалау және күрделі тақырыптар бойынша сараланған тапсырмаларды орындау дағдыларын қалыптастырғанына сенімдіміз!

Педагогтердің пәндік құзыреттілігін арттыру – біздің басты назарымызда.

Гүлназ Таумаханова,

«Өрлеу» Қызылорда облысы

 бойынша филиалының тренері

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<