Пәтер ұрысы ұсталды

808

0

Жалағаш аудандық полиция бөлімінің 72 жастағы тұрғыны полицияға арызданды.

Зейнеткер желтоқсан айының 15-нен 16-на қараған түні белгісіз тұлға оның үйінде жоқтығын пайдаланып, үйінің есігін бұзып кіріп, тұрмыстық заттарын ұрлап кеткен. Үй иесіне 285 мың теңге көлемінде  шығын келтірілді.          

Аталған арыз бойынша оқиға орнына бөлімнің жедел тергеу тобы барып, орын алған қылмыстың ізін суытпай ашу мақсатында тиісті жұмыстар атқарды.

Жедел тергеу жұмыстарының нәтижесінде аудандық бөлімінің криминалды полиция бөлімшесінің бастығы полиция майоры Жұмағали Есенғали Кенжеғалиұлы және жедел уәкіл полиция аға лейтенанты Кенбаев Сабит Маратұлы күдіктіні әшкереледі. Айғақ заттар алынды.

Күдікті осы кенттің бұрын сотты болған тұрғыны болып шықты. Ол өзінің кінәсін толығымен мойындап, ауданның уақытша ұстау изоляторына  қамалды. Тергеу барысында күдіктінің тағы осы тектес 2 ұрлық дерегіне қатыстылығы анықталды.

Қазіргі таңда орын алған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен (Тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық ) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<