«Педагог» кәсіби стандартын талқылады

1168

0

«Өрлеу» біліктілік арттыру Ұлттық орталығы АҚ филиалы облыс бойынша кәсіби дамыту орталығында педагогтарға арналған вебинар өтті. Оған қаладағы білім беру ұйымдары директорлары мен оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Вебинарды аталған орталық директорының орынбасары Сәкен  Серікбаев  жүргізді. Ол «Педагог» кәсіби стандартының маңыздылығына тоқталып, педагогтің нақты мамандығы бойынша құзыреттілігі мен критерийлерін сипаттайтын және негізгі және қосымша кәсіби қызметінің мазмұнын талдайтын жүйеге орай ашық пікір білдіруге шақырды.

Орталық әдіскері Ақмарал Ләпбаева баяндама жасады.  «Кәсіби педагог стандарты не үшін қажет? Ол стандарт педагогтің үздіксіз кәсіби дамуына қалай әсер етуі мүмкін? Елдегі білім сапасына өзгеріс енгізе ала ма? «Кәсіби стандартты қолдану салалары қандай?» деген сұрақтарға кеңінен жауап берді.

Қатысушылар өздерінің тәжірибелеріне және кәсіби стандарттағы квалификациялық деңгейлерге байланысты қызметінің түрлерін, міндеттерін, педагогке қажетті білім, шеберлік және дағдыларын зерттеу бағытында сұрақтарын қойды.

Гүлбану МАҚАЖАН,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<