Педагогтерді аттестаттау ережесін түсіндіру жұмыстары жалғасуда

401

0

Фото автордан

Биыл наурыз айында ашық НҚА-да жарияланған педагогтерді аттестаттау ережесінің жобасын талқылау мақсатында Қызылорда өңірі бойынша мобильді топ құрылған болатын.

Оның құрамына «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, облыстық білім басқармасы, білім сапасын бақылау департаменті, әдістемелік орталық, кәсіподақ ұйымы, кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, арнайы және қосымша білім беру ұйымдарының басшылары енді.

Нақты кезеңже аталған мобильді топ мүшелері облыс аумағындағы барлық деңгейдегі педагогтерге аттестаттау ережесі жобасының негізгі философиясы мен ерекшеліктері жайлы түсіндіру жұмыстарымен айналысуда.

Мобильді топ бекітілген кесте бойынша барлық аудандық (қалалық) білім бөлімдері басшыларымен және барлық деңгейдегі педагогтермен онлайн кездесулер ұйымдастырып, аттестаттау ережесіндегі 2024 жылғы өтпелі кезеңдегі және 2025 жылғы «Ұстаз» ұлттық платформасы жұмыс істей бастағаннан кейінгі айырмашылықтар жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Сонымен қатар, кестеде көрсетілген график бойынша кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері, мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдары басшылары мен педагогтері, арнайы және қосымша білім беру ұйымдары басшыларымен, педагогтерімен де кездесулер ұйымдастырылуда.

Кездесулер барысында қойылған сұрақтарға нақты жауаптар қайтарылуда. Бұған қоса, мобильді топ жанында жұмыс жасап тұрған Call орталыққа келіп түскен сұрақтарға уақытылы жауап беріліп жатыр. Оның ішіндегі өзекті сұрақтар және ұсыныстар республикалық сараптамалық топқа жолдануда.

Педагогтер тарапынан 30 жылдан астам еңбек өтілдері бар ұстаздарды, педагог-шеберлер мен педагог-зерттеушілерді тесттен босату қажеттілігі жайлы ұсыныстар жиі қойылуда. Бұл ұсыныстар да сараптамалық топқа жіберілді.

Елімізде педагогтерді аттестаттаудың жаңа ережелері – білім беру сапасын арттырудағы маңызды қадам. Аттестаттау мұғалімдердің жетістіктерін әділ бағалауға, нақты құзыреттерін анықтауға және олардың кәсіби өсуін ынталандыруға бағытталған.

Білім сапасы артып, білімді, бәсекеге қабілетті және тағылымды, тәрбиелі жастарымыз көбейе бергей.

Бауыржан ЕЛЕУСІНОВ,

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<