Пікірсайыс турнирі

797

0

Қызылорда қалалық білім бөлмінің ұйымдастыруымен Ә.Молдағұлова атындағы №173 орта мектептің 60 жылдық мерейтойына орай «Мектеп және Жаңа Қазақстан» тақырыбында пікірсайыс турнирі өтті. Турнирге мұғалім және оқушы бір фракция болып қатысты.

Пікірсайыс жастардың ой-өрісін дамытуға, логикалық ойлауды және өз ұстанымын білдіруді үйретеді. Сонымен қатар жаңа идеяларды қабылдауға икемдейді.

Ашық пікірсайыс турнирінің мақсаты жастар қатарынан шешендік шеберлігі бар, өзінің көзқарасын сауатты және нақты қорғай алатын жас көшбасшыларды іздеу және оларға қолдау көрсету, нақты мәселелерді шешу, жастар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, патриотизмді дамыту жұмыстарын кеңінен насихаттау.

Пікірсайыс турнирінің нәтижесінде жүлделі ІІІ орынды №222 мектеп, №178 мектеп және №271 орта мектеп иеленді.

Ал, ІІ орынды №144 орта мектеп пен №261 мектеп лайық деп танылды. І орынды №189 орта мектеп иеленді.

Айта кетейік, жүлделі орындармен қатар үздік спикер, үздік оратор, дебаттық креатив, ең сенімді ойыншы, ең білімді ойыншы, ең тапқыр ойыншы, ең мақсатты ойыншы номинациялармен марапатталды.

Тартысқа толы өткен бәйгеде үздік төреші де анықталды.

Жүлдегер командаларды жеңістерімен құттықтаймыз!!!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<