Поэзия күндерінің қорытынды кеші

620

0

Кеше Қазақстан Жазушылар одағының концерт-залында Қызылорда облысының 85 жылдық мерейтойына орай өтіп жатқан іс-шаралар аясында Сырдың жас ақындарының Поэзия күндерінің қорытынды кеші өтті.

Жас ақындарды қазақ өлеңінің көрнекті өкілі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Қатира Жаленова мен Қазақстан Жазушылар одағы Қызылорда бөлімінің хатшысы Қаршыға Есімсейітова бастап келген.

Сахнаның шырайын шығарған Асылзат Арыстанбек, Толқын Қабылша, Назгүл Бердіқожа, Олжас Сәндібек, Мөлдір Айтбай, Биболат Сәтжан, Айдар Сайлауов, Аружан Оралбай, Ұлықбек Тәңірберген, Ақжол Түменбай, Мақсат Дауылбай тәрізді жас ақындардың сырға толы жырларын оқырман қауым ықыластана тыңдап, қошамет көрсетіп отырды.

Сахнада осы ақындардың өлеңдеріне жазылған әндер шырқалып, музалар үндесті. Әсіресе ақындар Ақжол Түменбай мен Мөлдір Айтбайдың жарасып жасаған дуэті залды сілтідей тұндырды. Алматыға Сырдарияның ақындары Жырдарияның жылы ағысын ала келгендей болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<