Қайраткерге арналған дәріс өтті

950

0

Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейдің Тәкей Есетов атындағы мұражайында тұлғаның 100 жылдығына орай тарихи-танымдық сабақ өтті.

Дәрісті №32 қалалық кітапхананың кітапханашысы Зәуреш Әлішева өткізді. Іс-шараға қайраткермен бірге қызмет етіп, көзін көрген әріптес іні-қарындастары, туыстары ұлы Асқар Тәкейұлы қатысты.

         Сабаққа қатысушылар тұлға туралы естеліктерімен бөлісті. Жиналғандар  мұражайға қойылған өмірдеректері,  жетістіктері мен кітаптарын, суреттерін көріп, жұмыс үстелімен танысты.  Білім ошағы  2016 жылдан бері қоғам қайраткері Тәкей Есетовтің есімімен аталады. 

         Саясаткердің 100 жылдығына арналған іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Мектеп-лицей директоры Бек Сұлтанұлы қонақтарды мектептегі жаңашылдықтармен таныстырды. Оқу орны білім мен ғылымды, мәдениет пен әдебиетті ұштастырып, жаңа заман тынысымен қарышты дамып келеді. Директор БАҚ өкілдерімен бірге оқушылардың шығармашылығын арттыру мақсатында бірлесіп жұмыс істемек ниетте.

Гүлбану МАҚАЖАН,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<