Қармақшыда сайлаушылар наурыз көжеден дәм татты

1002

0

Қармақшы ауданы Жосалы кенті орталығындағы №4 округке қарасты №98 сайлау учаскесі науқанға тыңғылықты дайындалыпты. Таңнан бері дауыс берушілердің қарасы қалың.

Алғашқылардың бірі болып Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлы өз таңдауын жасады.
— Келешек ұрпақ ештеңеден қысылмай, бақытты өмір сүргенін қалаймын. Бірде-бір сайлаудан қалыс қалмаймын. Жерлестерімді де бүгінгі саяси науқанға белсенді қатысуға шақырамын, — деді аудан әкімінің орынбасары.

Ал №105 мектеп-лицейінің ұстаздары ұлттық киімде киініп келіп дауыс берді.

Сонымен бірге наурыз мерекесі қарсаңында дауыс беруге келген тұрғындарға наурыз көже мен айран бауырсақ таратылды.

№98 сайлау учаскінің төрайымы Г. Еркебаеваның айтуынша, биылғы сайлаудың ерекшелігі дауыс берушілерге 1 бюллетень емес, түрлі түсті бес қағаз беріледі. Тұрғындар Мәжіліс және облыстық және аудандық мәслихат депутаттарын таңдауда.

Бірінші келіп дауыс берген тұрғындарға марапаттар табысталып, ынталандыру сыйлықтары берілді. Осылайша қармақшылықтар сайлауға белсенді қатысуда.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<