Қазалы ауданының 95 жылдық мерейтойын атап өтпек

413

0

Санаулы күндерден кейін аудан жұртшылығы Қазалы ауданының 95 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтпек. Бүгін осыған орай аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен арнайы мәжіліс өтті.

Жиында Мұхтар Әуесұлы ауданның 95 жылдық мерейтой аясында ауқымды шаралар өткізіліп, аудан тұрғындарының қатысуымен түрлі іс-шаралар ұйымдастырылатынын жеткізді. Мәжілісте аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов баяндама жасап, жиынға қатысушыларды мерекелік шараларды жүзеге асыру бойынша әзірленген іс-шаралар жоспарымен таныстырды.

Мерейтой аясында ауданда 10 -11 қараша күндері «Кеше. Бүгін. Болашақ» тақырыбында ғылыми-танымдық конференция, «Қазалым – қарашаңырағым» атты салтанатты іс-шара мен гала концерт, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі және «Тамыры терең, тарихы кенен – Қазалы» атты республикалық ақындар айтысы ұйымдастырылып, аудан тұрғындарының игілігі үшін жаңадан бірқатар әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандар пайдалануға берілмек.

Мәжіліс соңында аудан басшысы мерейтой аясында өткізілетін мәдени-көпшілік шаралардың барлығын жоспарға сәйкес жоғарғы деңгейде атап өту қажеттігін айтып, барлық кент, қала және ауылдық округ әкімдері мен мекеме-кәсіпорын басшыларына жоспардағы бөлініске сәйкес нақты тапсырмалар жүктеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<