Қазалы ауданының әкімі өз таңдауын жасады

400

0

Әйтеке би кентіндегі №56 сайлау учаскесінде Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев өз таңдауын жасап, дауыс берді.

«Мен өз азаматтық борышымды орындадым. Бүгінгі сайлау еліміз үшін өте маңызды. Бұл сайлау Қазақстанның дамуы мен гүлденуі үшін, елдің тұрақтылығы және халықтың тұрмыс жағдайын көтеру үшін өте қажет», – деді өз таңдауын жасаған әкім.

Аудан орталығындағы №56 сайлау учаскесі аудандық оқушылар үйінде орналасқан. Таңғы сағат 7.00-де ашылған учаскеге алғашқылардың бірі болып Қазалы ауданының құрметті азаматы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов келіп, өзі таңдағанпартиясына дауыс берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<