Қазақстан азаматтары 80 мемлекетке визасыз бара алады

608

0

Қазақстан визасыз елдер тізімін 80 мемлекетке дейін кеңейтті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты деп хабарлады turkystan.kz.

– 2022 жылы визасыз елдердің тізімі паспорттардың әртүрлі санаттары бойынша 80 мемлекетке дейін кеңейтілді. Оның ішінде жалпы азаматтық паспорттар үшін – 26 мемлекет. Паспорттардың әртүрлі санаттары бойынша 9 жаңа елмен өзара келісімдер жасалды: Мальдив аралдары, Андорра, Никарагуа, Венесуэла, Боливия, Парагвай, Доминикана, Албания және Белиз, – деді ол министрліктің осы жылғы жұмысын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<