Қазақстан паспорты әлемдік рейтингіде 70-орында тұр

931

0

Henley & Partners консалтингілік компаниясы жылдағы дәстүр бойынша саяхат үшін ыңғайлы әрі ең тартымды паспорттар рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Henley Passport Index рейтингі Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) эксклюзивті мәліметтеріне негізделген. 199 елдің төлқұжаты мен 227 туристік бағытты қамтиды. Кез келген елде визалық саясаттың өзгертілуіне байланысты рейтинг жыл бойы жаңартылып отырады.

Төлқұжаттар рейтингінің алғашқы бестігінде Жапония, Сингапур, Германия, Оңтүстік Корея мен Финляндия тұр. Мәселен, Жапонияның паспортымен әлемнің 191 еліне саяхаттауға болады. Үздік төлқұжаттар қатарында сонымен қатар Италия, Люксембург, Испания, Австрия, Франция, Ирландия елдері бар.

Тізімнің ең соңында Ирак пен Ауғанстан орналасқан. Ал Қазақстан биылғы рейтингіде 70-ші орыннан көрінді. 70-ші орында сонымен қатар Беларусь пен Қытай тұр. Қазақстан мен аталған осы екі елдің азаматтары әлемнің 75 еліне ұшып бара алады екен. Еске сала кетсек былтырғы рейтингте Қазақстан паспорты 67-ші орыннан көрінген еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<