Қазақстанда букмекерлік кеңселер мен лотереяларды жарнамалауға тыйым салынуы мүмкін

171

0

Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда букмекерлік кеңселер мен лотереяларды жарнамалауға тыйым салынады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ мәжіліске сілтеме жасап хабарлайды.

Ойын бизнесі мәселелері туралы заң жобасында букмекерлік кеңселер мен казиноларды ғимараттардың, құрылыстардың қоршауларында және көлік құралдарының сыртқы жарнамасында, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында, мерзімді басылымдарда, кино, бейне және анықтамалық қызметтерде жарнамалауға толығымен тыйым салынады.

«Дегенмен букмекерлік кеңсенің және тотализатордың орналасқан жерінде, спорт ғимараттарының ішінде, спорттық бағыттағы теле, радиоарналар мен интернет-ресурстарда жарнамалауға рұқсат етіледі. Лицензиясы жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер мен лотереялардың интернет-ресурстарына да тыйым салынады. Сот актісі негізінде қызметі заңсыз деп танылған шетелдік ойын бизнесін ұйымдастырушылардың тізімі жасалады. Бұл ретте банктер мен төлем жүйелеріне олардың пайдасына операциялар жүргізуге тыйым салынады», – делінген мәжіліс жариялаған хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<