Қазақстанда күзгі каникул қашан басталады

285

0

Қазақстанда күзгі каникулдың мерзімі өзгермейді, бұған дейін белгіленген уақытта өтеді, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

«Каникулды ауыстыру жоспарланбаған. Ол бірінші тоқсанның соңында, қарашаның 5-нен 15-не дейінгі аралықта өтеді», – деп жауап берді білім және ғылым министрлігінің мамандары.
Бұған дейін мессенджерлерде және ата-аналар чаттарында каникул қазанның 5-нен 18-не дейінгі аралыққа ауыстырылғаны туралы ақпарат пайда болды. Алайда ол шындыққа жанаспайды.

Кейінірек каникулды ауыстыру туралы шешім Ресейде қабылданғаны белгілі болды. Мәскеу мэрі Сергей Собянин алдағы бір апталық каникулды екі аптаға дейін ұзартқан.

«Жоспарланған күзгі каникул Мәскеу мектептерінде 5-18 қазан аралығында өтеді. Санитар дәрігерлердің ұсынымы бойынша, салқын тигеннен болатын аурулар мен коронавирус жұқтырғандардың көбейгенін ескере отырып, мен күзгі каникулдың мерзімін екі аптаға дейін ұзартуға шешім қабылдадым», – деп жазды Собянин өз блогында.

Ресейде оқушылар мен студенттер үшін жаңа оқу жылы дәстүрлі форматта басталды. Ал Қазақстан қашықтан оқыту әдісін таңдады. Дегенмен шағын жинақты мектептерге барып оқуға рұқсат берілді, сондай-ақ бастауыш сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар ашылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз