Құқықбұзушыға айыппұл салынды

329

0

2023 жылдың 16-шы қазанында Сексеуіл станциясынан Алматы облысының 53 жастағы тұрғыны әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін №24 «Ақтөбе-Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызының бастығының актісімен тиісті шара қолдану үшін поездан түсірілген.

Аталған азамат жол жүру барысында ішімдік ішіп, қоғамдық орында адамның қадір қасиетін және қоғамдық имандылықты қорлайтындай мас күйде болып түн тыныштығын бұзған.

Ресми дерек бойынша Сексеуіл станциясындағы көлік полиция қызметкерлерімен әкімшілік құқық бұзушы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК 440-бабының 1-бөлігі бойынша қоғамдық орында алкогольді ішімдік ішіп, мас күйде жүргені үшін және ҚР ӘҚБтК 437-бабының 1-бөлігі бойынша түнгі уақытта тыныштықты бұзу әрекетін жасағаны үшін 2 әкімшілік хаттама толтырып, 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Қызылорда ст. ЖПб

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<