Құрмет көрсетті

695

0

Отбасы күніне орай Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы аудандағы үлгілі отбасыларды қабылдап, мерейлі мерекемен құттықтады. Айтулы мерекенің еліміз үшін айрықша маңызы туралы сөз қозғап, үлгілі отбасыларға аудан әкімінің алғыс хатын табыстап, сый-сияпат жасап, құрмет көрсетті.

Мерекелік шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мереков Асқар, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Құлдүйсенов Әбдірахман, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Раева Күлжауһар сөз сөйлеп, ізгі лебіздерін білдіріп, марапат төрінен көрінген отбасылардың өнегелі өмір жолдары келешек ұрпаққа үлгі екенін жеткізді.

Шара соңында аудан өнерпаздары ән-жырдан шашу-шашып, жиынға қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Қармақшы ауданы әкімінің

баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<