Құрылыс нарығындағы жаңа өнім

198

0

Жаңақорған ауданында полистиролбетон өнімін шығаратын цех ашылды. Өнімдері сапалы әрі сұранысқа ие. Жаңақорғаннан өзге жерлерге де жеткізіледі.

«Өркен» ЖК басшысы Сәкен Сыздықов жұмысты өткен жылдың наурыз айынан бастаған. Бүгінде кәсібін ұлғайтып, 3 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпкер «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығынан несие алып, осы қаржыға қондырғылар сатып алған. Қазір басқа аудандарға жеткізу қызметімен де айналысады.

– Полистиролбетон жеңіл бетондар қатарына жатады. Құрамында түйіршіктелген полистирол, бетон конструкцияларының дисперсті арматурасы үшін талшықтар қолданылады. Осы кезге дейін Шиелі ауданынан, Шорнақтан тапсырыс түсіп, былтырдың өзінде оншақты үйдің қабырғасы осы материалмен өрілді. Бұл – XXI ғасырдың жаңа технологиясы. Жылуды жақсы ұстайды, ыстық өткізбейді. Салмағы жеңіл. Бағасы қалтаға қонымды, – дейді кәсіпкер.

Алдағы уақытта тағы төрт жұмысшы алып, жұмысты екі есеге ұлғайту жоспарда тұр. Цех осы уақытта әртүрлі өлшеммен күніне 380 блок шығаруда. 

Бұл өнім туралы тұтынушылар пікірлеріне ден қойсақ, 1 полистиролбетон 18 кірпіштің орнын басады екен.

Жылу ұстағыштығы кірпішке қарағанда 6 есе жоғары, 35 тонна салмақ көтереді.

Құрылыс материалы ылғалды сіңірмейді, өйткені құрамында суды сіңірмейтін көбіктелген полистирол бар. Сондықтан да жауын-шашынның полистиролбетонға тиетін әсері жоқ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<