Қырғызстанда қызылша өршіп, екі мектеп онлайнға ауыстырылды

501

0

Фото: pexels.com

Жалал-Абад қаласында қауіпті вирусты сырқат – қызылша өршуіне байланысты екі мектеп қашықтан оқытуға көшірілді, деп хабарлады Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрлігі. Kazinform агенттігі бұл туралы Кабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мәліметке сәйкес, мұндай шешімді эпидемияға және эпизоотияға қарсы арнайы комиссия шығарды.

«Осылайша, К.Закиров атындағы №2 орта мектептің және А.Усманова атындағы №7 мектептің оқушылары қызылша ауруының тарауына байланысты қашықтан білім алуға жіберілді», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ бұл шешім арқылы Жалал-Абад қалалық білім бөліміне № 063 нысан негізінде ауруға қарсы екпеден бас тартқан немесе бірреттік екпе алған оқушылар санын нақтылау, әр мектеп және балабақшада дәрігердің тексеруіне және вакцина егуге арналған жеке бөлмелерді жабдықтау тапсырылған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<